20
August
2021
Кешегі түлек - бүгінгі тірек
Жақсылық жасау – имандылықтың, тәрбиеліліктің, парасаттылықтың айқын көрінісі. Игі іске ұмтылыс – адамзатқа тән құбылыс. Осы орайда Елтай орта мектебінде "Туған жерге туыңды тік" тақырыбында акция ұйымдастырылған болатын. Бұл акция мектебімізден түлеп ұшқан әрбір азамат мектеп ауласының жөндеу жұмыстарына қол ұшын созып, демеушілік көрсету мақсатында жасалған іс шара болатын. "Ауылына қарап азаматын таны" демекші Елтай орта мектебінің 96 жылғы түлектері, ауыл азаматтары алғашқы болып демеушілік көрсетіп, құрылыс материалдарымен (10 мешок цемент) қамтамасыз етсе, 89 жылғы түлектер 40 мешок цемент материалдарымен қолдау көрсетті.
Қолында бар қазынасын бөлісіп, бес күндік тіршілікте тек сауап жинаған жаны жоMarch жандарға қашанда айтар алғысымыз шексіз! Сондықтан ел аман болсын, ел бағына туған ерлер аман болсын дейміз.